Жақыныңа жанашыр бол: Жеке гигиена талаптарына салғырт қарауға болмайды

17 Маусым 2020, 14:25
1462
Бөлісу:
Жақыныңа жанашыр бол: Жеке гигиена талаптарына салғырт қарауға болмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жеке гигиена талаптарына салғырт қарауға болмайды, дейді инфекционист дәрігер Баянбек Аспандияров.

Симптомы бар науқастардан КТ бойынша пневмония анықталса, вирусқа қарсы терапия жүргізіледі. Сондай-ақ, сынама қортындысы бойынша басқа да қабынған аурулар анықталса, бактерияға қарсы терапия іске асырылады. Науқастың жасы мен қосымша дертіне байланысты емдеу тағайындалады, - деді Аспандияров. 

Дәрігердің айтуынша, науқастар тәулік бойы бақылауда болады. 
Олар жағдайына байланысты күніне 3-4 препарат қабылдайды. Біз инфекциялық аурухана болғандықтан, бізге тек симптомы бар науқастар ғана іріктеліп жеткізіледі. Симптомсыз науқастар КТ тапсырады. Одан кейін үйде өзін-өзі оқшаулауға жағдайы болса, үйге жіберіледі. Олардың жағдайы күн сайын бейнебайланыс арқылы бақылауда болады. 14 күннен кейін ол тағы сынама тапсырып,вирус расталмаса, науқас бойынша инфекциялық тәртіп аяқталады, - деді ол. 

Баянбек Аспандияров атап өткендей, жеке гигиена талаптарына салғырт қарауға болмайды. 
Қолды жиі жуып, маскамен қорғанып жүру керек. Науқастардың кейбіреуінде ауру белгілері жеңіл, кейбірінде ауыр өтеді. Ол денсаулығы мен жас ерекшелігіне байланысты болады. Біз науқастардың жағдайын барынша жақсарту үшін жұмыс істейміз, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы