Жаһандық кедейлік басталады – БҰҰ

13 Қыркүйек 2020, 00:17
1480
Бөлісу:
Жаһандық кедейлік басталады – БҰҰ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Адамзат үшін әлемдік кедейліктің басталуы болжанды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы БҰҰ есебінде айтылған.

Коронавирустық пандемия 1930 жылдардағы Ұлы депрессиямен салыстырмалы түрде бұрын-соңды болмаған экономикалық дағдарысқа әкелетіні атап өтілген.

Ұйым өкілі Оливье де Шуттер әлем бойынша 176 миллион адамға кедейлік қаупі төніп тұрғанын айтты. Баяндамада көптеген елдерде пандемия кезінде азаматтарды қолдау бойынша қысқа мерзімді шаралар қабылданған, бірақ олар жеткіліксіз екені баса айтылған.

Кедейліктің негізгі деңгейі күніне 3,2 доллар болса, тағы 176 миллион адам кедейлікке ұшырауы мүмкін. Бұл «КОВИД-19 жоқ» кездегі сценарийімен салыстырғанда кедейлік деңгейінің 2,3 пайызға өсуіне тең, - деді ол.

Шуттер мемлекеттерді кедейлік пен теңсіздікті жою үшін неғұрлым батыл қадам жасауға шақырды, өйткені қазіргі жағдайда, оның пікірінше, ауыр дағдарыс сөзсіз болады және оның салдары адамзатқа ауыр әсер етеді.

Өзгелердің жаңалығы