Жаңа жыл қарсаңында 618 бала дүниеге келді

3 Қаңтар 2019, 22:12
1432
Бөлісу:
Жаңа жыл қарсаңында 618 бала дүниеге келді

Астана, baq.kz. Бұл туралы ҚР ДСМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жаңа туылған нәрестелер саны жағынан бірінші орында Алматы қаласы тұр. Мұнда жылдың ең соңғы күні 106 бала дүние есігін ашты. Одан кейінгі орындарда тұрған Алматы облысында - 66, Жамбыл облысында – 57, Астана қаласында – 51, Атырау облысында – 46, Қарағанды облысында 44 бала дүниеге келді.

Айта кету керек, Қазақстанда 2017 жылдың 31 желтоқсанында 768 сәби дүниеге келген болатын.

Өзгелердің жаңалығы