Жаңа тағайындалған елорда әкімі қаладағы жылу қазандықтарының жұмысымен танысты

15 Маусым 2019, 16:30
1512
Бөлісу:
Жаңа тағайындалған елорда әкімі қаладағы жылу қазандықтарының жұмысымен танысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов қаланың тыныс-тіршілігіне жауап беретін нысандарды аралап шықты. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайты хабарлады.


Алтай Көлгінов ең алдымен ТЭЦ-2 жұмысы мен қаланың жарықтандыру сапасына мән берді. Қаланы жылу мен сумен қамтамасыз етуде ТЭЦ-тің маңызы ерекше зор. Әкімге нысанның қазіргі жағдайы мен алдағы жылыту маусымына дайындығы баяндалды. Алтай Көлгінов жылыту маусымына дайындықты алдын-ала жүргізу қажеттігін атап өтті.   Бүгінде  ЖЭО-1, ЖЭО-2 бүгінде елордадағы 2513 көпқабатты үйді жылу энерго ресурстармен қамтамассыз етеді.

"Жылыту маусымы кезінде тұрғын үйлерге үздіксіз жылуды қамтамасыз ету үшін алдын-ала, осы бастан дайындалуымыз тиіс"-  деді әкім.

Алтай Көлгінов нысандарды аралау барысында қала көшелерін жарықтандыруды тексерді. Елорданы жарықтандыру қала тұрғындарының түнгі уақыттағы қауіпсіздігінің кепілі. Елбасының тапсырмасына сәйкес Smart City жобасы аясында елорда көшелерін жарықтандырудың тиімділігін қамтамасыз ету жұмысы жүргізілуде. Осы орайда, әкім аталған бағыттағы жұмысты күшейту қажеттігін атады.

"Қалада  шамдар жанбай тұрған немесе мүлдем жарығы жоқ көшелер бар. Өйткені олар қала балансына алынбаған. Бұған жол беруге болмайды.  Бұл себепті өзі ақтауға келмейді. Оның үстіне әсіресе жаз уақытында балалар мен үлкен адамдардың жүруіне кедергі келтіреді. Қауіпсіздік мәселелері шұғыл әрекетті қажет ететінін түсінуіміз керек", - деп өз пікірін білдірді Алтай Көлгінов.

Елорда әкімі нысандарды аралау барысында "Есіл" өзенінің жағалауын, "Жастар" шағын ауданын және "Нұрлы Жол" вокзалы аумақтарын абаттандыруды тексерді.


Өзгелердің жаңалығы