Жаңа елшілер Назарбаевқа сенім грамоталарын тапсырды

6 Ақпан 2019, 11:48
4368
Бөлісу:
Жаңа елшілер Назарбаевқа сенім грамоталарын тапсырды

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасында жаңадан тағайындалған елшілерден сенім грамоталарын қабылдады.

Ақордада бес мемлекеттің елшілері Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамоталарын тапсырды. Атап айтсақ, Вьетнам Социалистік Республикасының елшісі Нгуен Тхи Хонг Оань, Хорватия елшісі Рефик Шабанович, Жапония елшісі Тацухико Касаи, Чехия елшісі Рудольф Гикл, Тәжікстан елшісі Хайрулло Ибодзода табыстады. 

Елбасы жаңа елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық қызметтерінің басталуымен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Жаңа елшілер Назарбаевқа сенім грамоталарын тапсырды

«Жас буын өкілдерін қолдау мақсатымен биылғы жыл Қазақстанда Жастар жылы деп жарияланды. Бұл бастаманың аясында оларды сапалы біліммен, жұмыспен, баспанамен қамтамасыз ету шаралары қолға алынды. Сонымен қатар, жастардың бәсекеге қабілетті азамат болып қалыптасуына жол ашамыз. Бұған қоса, ел экономикасын одан ары дамыту үшін шетел инвестициясын тарту маңызды міндет саналады. Тәуелсіздік жылдарының ішінде елімізге 100 млрд доллар тікелей инвестиция келді. Ол біздің экономикамызды көтеруге өзінің септігін тигізді. Сыртқы істер министрлігінің құзіреті қазіргі уақытта кеңейіп, оған шетелдік инвестиция тарту, жаңа экспорттық бағыттарды айқындау мәселелері жүктелді. Сіздерді Қазақстандағы әріптестеріңізбен бірлесіп, аталған бағыттарда өзара іс-қимылды жандандыруға шақырамын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев Ақордадағы ресми іс-шарада.

Жаңа елшілер Назарбаевқа сенім грамоталарын тапсырды
Жаңа елшілер Назарбаевқа сенім грамоталарын тапсырды
Жаңа елшілер Назарбаевқа сенім грамоталарын тапсырды
Жаңа елшілер Назарбаевқа сенім грамоталарын тапсырды
Жаңа елшілер Назарбаевқа сенім грамоталарын тапсырды
Қымбат Елтайқызы
Фото: Бауыржан Жуасбаев
Өзгелердің жаңалығы