Жүзуден халықаралық жарыста қазақстандықтар төрт алтынға қол жеткізді

28 Қараша 2019, 08:36
2624
Бөлісу:
Жүзуден халықаралық жарыста қазақстандықтар төрт алтынға қол жеткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Беларусь астанасы Минскте Олимпиада чемпионы Сергей Копляковтың жүлдесі үшін жүзуден халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Жарысқа Беларусь, Ресей, Польша, Германия және Қазақстаннан жалпы есебі 720 спортшы қатысуда.

Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық спортшылар төрт алтын, екі күміс және екі қола медаль жеңіп алды. 

Қорлан Әмірханова (50 метрге еркін әдіспен жүзу), София Әбубәкірова (200 метрге брасс әдісімен жүзу), Айбек Қамзенов (200 метрге брасс әдісімен жүзу) және Ксения Игнатовалар (400 метрге еркін әдіспен жүзу) алтын жүлдегер атанды. 

100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден Алина Костенко мен Диана Тасмановалар тиісінше екінші және үшінші орын иеленді. 

50 метрге еркін әдіспен жүзуден Михаил Царев күміс жүлде иеленсе, Қаракөз Диниэль қолаға қол жеткізді.

Жарыс әлі екі күнге созылады.  

Өзгелердің жаңалығы