Бас жаңалықтар
Жәйремде жағдай тұрақты – полиция
13 Тамыз 2019, 15:15 399

Жәйремде жағдай тұрақты – полиция

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының полиция департаменті 12 тамызда Қарағанды облысының Жәйрем кентінде тау-кен байыту комбинатынының жұмысшылары арасында болған келіспеушіліктерге байланысты түсініктеме берді. 

"Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293 бабы 3 тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу органдары оқиғаның не себепті болғанын қылмыстық істің негізінде анықтайтын болады.Қазіргі уақытта Жәйрем кентінде жағдай тұрақты және полиция органдарының бақылауында", - делінген хабарламада. 


Видео: Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі

Өзге ақпараттар Қазақстан Республикасы Қылмыстық процессуалдық кодексінің 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайтынын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Жәйрем кентіндегі оқиғаны реттеу үшін Ерлан Қошанов барған болатын. 

Фото: дереккөз
Загрузка...