Жүрек ауруына апаратын жалпы себептер анықталды

18 Ақпан 2020, 06:15
2943
Бөлісу:
Жүрек ауруына апаратын жалпы себептер анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Колумбия университетінің ғалымдары семіздік пен жүрек ауруына апаратын негізгі қауіптің бірі - дұрыс ұйықтамау екенін анықтады. Бұл туралы EurekAlert! баспасөз хабарламасында айтылған.

Зерттеуге 20 мен 76 жас аралығындағы 95 әйел қатысты. Олардың жалпы ұйқысының сапасы, ұйықтайтын уақыты мен ұйқысыздық жағдайы ескерілген. Сонымен қатар жыл бойына қолданатын негізгі тағам түрлері де есепке алынған. Зерттеу нәтижесінде ұзақ ұйықтайтын қатысушылар көп калориясы көп тамақ тұтынатыны анықталды. Ал адамның ұйқысыздыққа душар болуының негізгі себебі – құрамында қаныққан май аз тағамды пайдалану.

Сонымен қатар нашар ұйқы аштық сигналдарын еріксіз оятып, мезгілсіз  тамақ жеу мен құнарлылығы жоғары тағамды шамадан тыс тұтынуға әкелетіндігі белгілі болды. Өз кезегінде тамақты шамадан тыс немесе беймезгіл ішу семіздікке әкеледі. Ал семіздік – жүрек-қан тамырлары ауруының басты себебі деп дәлелденген қауіпті фактор.

Мамандардың алдыңғы зерттеулерінде де ұйқының жетіспеушілігі бар адамдардың семіздікке, қант диабетіне және жүрек ауруына бейім болатындығы анықталған.
Өзгелердің жаңалығы