Жәрдемақының өсуі аналарды қуанышқа бөледі

28 Ақпан 2019, 08:31
1679
Бөлісу:
Жәрдемақының өсуі аналарды қуанышқа бөледі

Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған үш мыңнан астам отбасы бар. Олардың 700-і мемлекет тарапынан атаулы әлеуметтік көмек ретінде жәрдемақы алуда.

 «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде айтылған көпбалалы аналарға әлеуметтік көмек көрсету саласындаңы оң жаңашылдықтар бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеткен әйелдер қауымын қуантпай қоймады.

Мемлекет қамқорлығын көріп отырған аналардың қатарында Анастасия Антонова бар. 40 жастағы азаматша бес баланы жалғыз өзі бағып-қағып отыр. Бірнеше жыл бұрын жолдасы көз жұмып, ананың әлеуметтік мәртебесі өзгеріп, бар ауыртпалық өзіне түскен.

«Жолдасым екеуміз кішігірім бизнесімізді дөңгелетіп едік. Балалларымыздың қарны тоқ, көйлектері тоқ болатын. Кейін жолдасым қайтыс болған соң, мемлекет көмегіне жүгінуге мәжбүр болдық. Қазіргі уақытта атаулы әлеуметтік көмек алып жатқан жайымыз бар. Мектепте оқитын үш балам тегін тамақтанумен қамтылған. Тұрып жатқан жер үй жолдасымның атында болатын. Қазіргі уақытта жылжымайтын мүлікке тікелей мұрагерлер – бірінші некеде туған балалары бар. Сондықтан, далада қаламыз ба деп қорқамыз. Бүгін партияның съезін көріп, жаңалықтарды естідік. Бір қуанып қалдық. Енді барлығы сәтті жүзеге асырылса игі», - дейді Анастасия Антонова.

Антоновтар отбасының тұңғышы – 15 жасар Владимир. Артынан ерген Екатерина, Елизавета, Савелий мен Артемге қамқор.

Айта кетейік, съезд барысында Елбасы үкіметке көпбалалы отбасыларға, толық емес отбасыларға, мүгедек балалар тәрбиеленіп жатқан жанүяларға тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы 2%-бен несиелік пәтер беру бағдарламасын әзірлеуді тапсырды Сонымен қатар, әлеуметтік әлжуаз топтағы азаматтар үшін 40 мыңнан астам жалдамалы пәтер салуды тапсырды. Бұл игілікке жыл сайын 50 млрд. теңге бөлініп отырмақ. Мемлекеттің шарапатынан Антоновтаротбасы да дәмелі. Бүгінде Анастасия аз қамтылған отбасы ретінде тұрғын үй кезегінде тұр.

 «Кезекке үш жыл бұрын тұрдым. Қазіргі уақытта тұрғын үйге зәру азаматтар ішінде 5559-шы болып кезек тізіміндемін», - дейді Анастасия Антонова.

Еске салсақ, бүгінде облыста көпбалалы отбасылардың мәліметтер базасын жаңарту және цирлық жүйеге енгізу жұмыстары қолға алынған. Сала мамандары әр жанұяның әлеуметтік төлқұжатын әзірлеп, отбасыларда санаттарға бөлмек.

 

 Ақмаржан Әділбек

Фото автордікі

Өзгелердің жаңалығы