Жәнібек Әлімханұлы аргентиналық боксшыны екінші раундта құлатты

10 Қазан 2020, 09:03
1881
Бөлісу:
Жәнібек Әлімханұлы аргентиналық  боксшыны екінші раундта құлатты
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орта салмақта жұдырықтасатын жеңілмеген қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетіп, WBC Continental Americas және WBO Global титулдарын қорғап қалды,  деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек АҚШ-тың Лас-Вегас штатындағы MGM Grand спорт кешенінде өтті. Жәнібектің қарсыласы 23 жастағы «Сиқыршы» лақап атты аргентиналық Гонсало Кория (16-4, 6 КО) болды.

Он раундқа есептелген жекпе-жек екінші раундта аяқталды. «Сиқыршы» Жәнібектің ауыр соққысынан кейін орнынан тұра алмады. Оған дейін қазақ боксшы Корияны бірінші раундта-ақ есеңгіретіп, нокдаунға түсірген еді. 


Өзгелердің жаңалығы