Жұмыссыз жүрген астаналықтарға көмек көрсетілуде

16 Қаңтар 2019, 22:13
1729
Бөлісу:
Жұмыссыз жүрген астаналықтарға көмек көрсетілуде

Астана, BAQ.KZ. 2018 жылы жұмыспен қамту мәселесіне қатысты қалалық жұмыспен қамту орталығының көмегіне 21 мыңға тарта адам жүгінді. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен 13 015 адам қамтылды. Олардың 737-сі – мүмкіндігі шектеулі жан.

Жүргізілген шаралардың нәтижесінде 8 206 адам тұрақты жұмысқа орналасты, оқу орындарының 836 түлегі жастар тәжірибесін өтуге жіберілді, 183 жұмыссыз адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылып, 1 930 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді.

Одан бөлек, өткен жылы 385 мүмкіндігі шектеулі жан тұрақты жұмысқа орналастырылды, 59 адам оқудан, 14 адам жастар тәжірибесінен өтті, 19 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, ал 260 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді.

Өзгелердің жаңалығы