"Жұмыспен қамтудың жол картасы". Аягөзде 68 жоба жүзеге асып жатыр

5 Маусым 2020, 08:45
1235
Бөлісу:
"Жұмыспен қамтудың жол картасы". Аягөзде 68 жоба жүзеге асып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы аясында 68 жоба жүзеге асып жатыр, деп хабарлайды "Хабар 24".

Оған республикалық бюджеттен 2 миллиард 411 миллион теңге бөлінген. Қазір ауылдар мен аудан орталығында әлеуметтік нысандар күрделі жөндеуден өткізіліп, жолдар жөнделуде. Жарықтандыру, спорт нысандарын салу да назардан тыс қалмаған. Тұрғындар өзекті мәселелердің шешімін тауып жатқанына дән риза.

Өзен тасыған уақытта мына халыққа өтуге ыңғайсыз болды. Сондықтан жаңадан көпірлер салып, халықты разы қылды, бәрі разы. Үлкен адамдар бәрі тек қана рахметтерін айтып жатыр. Мына жерге стадион салса, содан кейін жарық тартылады деп жатыр. Айтқандарын ақырындап бәрін істеп жатыр, - дейді зейнеткер Қабдыләшім Сәдуақасов.

30 жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген Аягөз қалалық қазақ гимназиясында да ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Оған Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы аясында 30 миллион теңгеден артық қаражат бөлінген. Қазір білім ордасының басшылығы мердігерлер жұмысын күнделікті бақылауға алған.

Қазір аудандағы тура осындай 12 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Орталық аурухана ғимараты да мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жөнделеді.

"Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы аясында Аягөз қаласының өзіне ғана бір миллиард 21 миллион қаражат бөлініп отыр. Бұл 25 нысанды күрделі жөндеуден және жөндеуден өткізу бойынша бүгінгі күні осы нысандар бойынша мердігерлер бар. Олардың барлығы қазіргі таңда жұмыстарын бастап кетті, - деп мәлімдеді Аягөз қаласының әкімі Қуаныш Азыханов.


Өзгелердің жаңалығы