Жүкембаев пен Лара жекпе-жек алдында көз арбасты

24 Қаңтар 2020, 17:00
1247
Бөлісу:
Жүкембаев пен Лара жекпе-жек алдында көз арбасты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (17-0, 13 КО) мексикалық мексикалық Рикардо Лараға (22-7, 10 КО) жекпе-жегінің алдында баспасөз мәслихатын өткізді, деп жазады Prosports.kz.

Жүкембаев пен Лара кездесуі - 25 қаңтарда Канаданың Монреаль қаласындағы Montreal Casino аренасында өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегі.

Алғашқыда Батыр аргентиналық Максимилиано Рикардо Веронамен (12-3-1, 4 KO) кездеседі делінген. Алайда, оңтүстікамерикалық боксшы Канада визасын ала алмаған.

Оның орнына 27 жастағы мексикалық боксшы Рикардо Лара (22-7, 10 КО) жұдырықтасатын болады. Алайда BoxRec порталы аталмыш жекпе-жекте Батыр Жүкембаев өзіне тиесілі белбеулерді қорғамайтынын мәлімдеді.

Жүкембаев - Лара кездесуінің тікелей эфирін "Хабар" телеарнасы жүргізеді, эфир Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 8:30-да басталады.

Өзгелердің жаңалығы