Ózgerіs ustasy: Жеңімпаздар жарты миллион теңге сыйақыға ие болды

16 Қараша 2019, 15:27
3437
Бөлісу:
Ózgerіs ustasy: Жеңімпаздар жарты миллион теңге сыйақыға ие болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда "Ózgerіs ustasy" атты тұңғыш республикалық премияның салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға үлес қосқан жеңімпаздар үздік деген марапатпен қоса 500 000 тг көлемінде сыйақыға ие болды. Бұл туралы Almaty.tv сайтында хабарланды.

Бұл айтулы премияны "Азаматтар бастамаларын қолдау орталығының" мемлекеттік гранты аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен “Act for Impact” (Impact Hub Almaty) Корпоротивтік фонды ұйымдастырып отыр. 

Жиында әлеуеттің әлеуметтік мәселелерін шешуде ортақтасып бірге жұмыла жұмыс істеп жүрген іскерлер бас қосты. Барылығының мақсаты бір - олар нарықта әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту. Көпшілік назарына білім беру, экология және осал топтармен жұмыс істеу салаларында жемісті қызмет көрсетіп жатқан әлеуметтік кәсіпкерлердің үздік үлгілері ұсынылған.

Impact Hub Almaty жобасының негізін қалаушылардың бірі Индира Шахтың айтуынша, әлеуметтік кәсіпкерлердің алғашқы қарлығыштары марапатталып отыр. Қазақстандық іскер жандар әлеуметтік проблемалардың шешілуіне атсалысып қан қоймай, олар тұрақты бизнес модельдің негізінде жұмыс істейді. 

Бірінші кезеңде финалистерді үкіметтік емес ұйымдардан түскен өтінімдердің негізінде отандық және шетелдік эксперттік ұйымдардың өкілдерінен құралған эксперттік комиссия таңдаған еді. Ал олардың арасынан жеңімпаздарды онлайн дауыс беру барысында қазақстандықтардың өздері таңдады.
Жеңімпардар үздік деген марапатпен  қоса 500 000 тг көлемінде сыйақыға ие болды. Айта кетейік, сыйлықты Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің басшылығы, Алматы қаласының әкімдігінің өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері табыстады.  

Бұқараның бизнесте сауатын ашатын, әрі нарыққа бейім іскерлердің қатарын арттыру мақсатында мұндай байлау дәстүрлі түрде жалғасын табуы әбден мүмкін екен.
Өзгелердің жаңалығы