Зейнеткер автобуста жасөспірімге ұрысып, қолын сындырды

17 Ақпан 2019, 15:36
1900
Бөлісу:
Зейнеткер автобуста жасөспірімге ұрысып, қолын сындырды

Астана, BAQ.KZ. Қазан қаласында зейнеткер әйел автобустан түсуге асығып, 13 жастағы қыздың қолын сындырды.

Әйел оны итеріп жіберген, ал қыз жабылып жатқан есікке қолымен қысылып қалады.

Мұнымен қоса, зейнеткер қатты дауыс көтеріп ұрысқан, ал қыз есінен талып қала жаздаған. Жолаушылардың ешқайсы көмектеспеген. Кондуктор айғайлап қойған.

Жасөспірім автобустан түсіп, жақын жердегі дәріханаға көмек сұрап кіреді. Фармацевтер жедел жәрдем шақырған.

Дәрігерлер қыздың қолы шыққанын анықтады. Қазір тергеуге дейінгі тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Өзгелердің жаңалығы