"Зейнетке шығу жасының қысқаруына" байланысты министрлік пікір білдірді

22 Шілде 2020, 11:25
30317
Бөлісу:
"Зейнетке шығу жасының қысқаруына" байланысты министрлік пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желіде зейнетке шығу жасы қысқаратыны туралы хабарлама түсірілген скриншот әлеуметтік желі мен мессенджерлерде тарап кетті.

Алайда, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мұны жоққа шығарды деп хабарлады.stopfake.kz сайты.

Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі парақшасында жариялаған скриншотта ер адамдар 61 жаста, әйелдер 57 жаста зейнетке шығады делінген. Мәтінмен бірге Қазақстан Президентінің суреті берілген. 

скриншот.jpeg
Бұл – фейк, зейнетке шығу жасының өзгерісі туралы ешқандай сөз болған жоқ, - деп мәлімдеді министрлік.
Айта кетейік, қазіргі уақытта елімізде ер адамдар зейнетке 63 жаста шығады. Әйелдер үшін зейнет жасын кезең-кезеңімен арттыру қарастырылған.

 Әйелдердің зейнеткерлік жасы жыл сайын алты айдан қосылып отырады. Сөйтіп, 2027 жылға қарай 63-ке дейін барып тоқтайды.



Өзгелердің жаңалығы