Зейнетақы жинағын жасанды ұрықтандыру квотасы үшін пайдалануға бола ма?

19 Ақпан 2021, 17:59
1703
Бөлісу:
Зейнетақы жинағын жасанды ұрықтандыру квотасы үшін пайдалануға бола ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнар Сәрсенбаева жауап берді.

Оның айтуынша, зейнетақы жинақтарын медициналық мақсатта пайдалану тізіміне экстрокорпоралды ұрықтандыруды енгізу туралы ұсыныстар болған.

Дегенмен өздеріңіз білетіндей биыл елде «Аңсаған сәби» жобасы іске қосылып, оның аясында бала сүю бақытына ие болғысы келетіндер үшін квоталар беріле бастады. Жыл сайын елімізде бұл мақсатта медициналық сақтандыру аясында да квоталар беріліп келеді. Алайда егер болашақта аталмыш квоталар жеткіліксіз болып,  сұранысты қанағаттандырмаса, азаматтар тарапынан мұндай ұсыныстар түсіп жатса, зейнатқы жинақтарын репродукциялау қызметіне де пайдалануды тізімге қосатын боламыз, - деді ол.

Оның айтуынша, қазіргі күні 7 мың квота бөлінген. Бұл кезекте тұрғанарды толығымен қамтиды деген болжам бар. Бұған дейін Зейнетақы жинағын медициналық мақсатта пайдалану тәртібі түсіндірілгенін жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы