Зейнетақы қоры арқылы тұрғын үй алушылар үшін онлайн портал ашылады

28 Желтоқсан 2020, 18:23
2560
Бөлісу:
Зейнетақы қоры арқылы тұрғын үй алушылар үшін онлайн портал ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Отбасы банкі» зейнетақы қорындағы қаражаттың бір бөлігін шешу арқылы тұрғын үй жағдайын жақсартушыларға арнап онлайн платфороманы іске қоспақ. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте «Отбасы банкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова айтты.

Оның айтуынша, тұрғын үй жағдайын жақсартудың сегіз жолы анықталды. Олар онлайн платформада сегіз түрлі мақсат ретінде көрсетілген. Зейнетақы қорындағы қаржысын пайдаланғысы келген азаматтар алдымен онлайн платформаға тіркеліп, өтінішті сол жерден береді. 

Платформаға электрондық цифрлік қолтаңба арқылы тіркеледі. Оның тіркелу жолы оңай. Нұсқаулықтары өте түсінікті. Ең бастысы азамат қаржысын қандай мақсат бойынша жұмасағысы келетінін белгілеп, қажет соманы көрсетеді. Өтінішті сол жерде толтырады, - дейді ол.

Басқарма төрайымының айтуынша, тұрғын үй жағдайын жақсартуға арналған мақсаттар ретінде тұрғын үй үшін толық төлем жасап сатып алу, бастапқы жарна ретінде пайдалану, бөліп төлеуге жұмсау, «Отбасы банкі» бағдарламалары арқылы заем алу, қайта қаржыландыру мақсатында жұмсау, сатып алу құқығы бар ұзақ мерзімді жалға берілген баспананы сатып алуға пайдалану, сондай-ақ отбасы мүшелерінің бірінің баспана мәселесін шешуге жұмсау қарастырылған

Өзгелердің жаңалығы