Зейін Әліпбек жаңа қызметке тағайындалды

21 Ақпан 2019, 12:33
7338
Бөлісу:
Зейін Әліпбек жаңа қызметке тағайындалды

Астана, BAQ.KZ. Қазақстандық журналист Зейін Әліпбек Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі директорының кеңесшісі болып тағайындалды. 

Зейін Әліпбеков 1973 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін тәмамдаған.

Танымал қазақстандық журналист әр жылдары «Жеті күн» ақпараттық-аналитикалық бағдарламасының жүргізушісі және шеф-редакторы, «Бетпе-бет» және «Yкімет пен әлеумет» бағдарламаларының шығарушы редакторы, «Хабар» агенттігі» АҚ «Хабар» телеарнасының ақпараттық-аналитикалық бағдарламалар дирекциясының директоры болды.

Сонымен қатар «Хабар» агенттігі» АҚ «Білім және Мәдениет» телеарнасы директорының орынбасары, «Астана ақшамы» газетінің редакциясы» ЖШС бас редакторы-директор орынбасары, «Елорда ақпарат» ЖШС директорының кеңесшісі, ҚР вице-премьері-ҚР ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі, А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының бас директорының кеңесшісі қызметтерін атқарды.

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы грантының, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 20 жыл» мерейтойлық медалінің, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері.
Өзгелердің жаңалығы