Бас жаңалықтар
Зерттеушілер өмір сүру ұзақтығын 28 жылға созуға болатын әдісті анықтады
11 Сәуiр 2021, 19:23 346

Зерттеушілер өмір сүру ұзақтығын 28 жылға созуға болатын әдісті анықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Швецияның Каролин институтының зерттеушілері алкоголь өнімдерінен бас тарту арқылы өмір сүру ұзақтығын 28 жылға созуға болатынын мәлімдеді.

Бұл туралы Express жазды.

Бұндай мәлімдеме жасамас бұрын ғалымдар тобы алкогольдік ішімдікке салынып кеткен адамдардың өмірін бақылады. Бұл зерттеулер шамамен 20 жылға созылған екен. Белгілі болғандай, аталған топқа енген адамдар түрлі ауру-сырқаудан болатын өлім-жітім көрсеткіші жоғары екені анықталды. Ішімдікке салынғандардың ғұмыры орта есеппен 28 жылға қысқаратын көрінеді.

Ғалымдардың айтуынша, аз мөлшерде алкогольді ішімдіктерді тұтыну онкология, ақыл-естің кемуі, белсіздік/бедеулік және импотенцияның дамуына түрткі болуы мүмкін. 

Бұдан бөлек ішімдік жүрек, бауыр және ми қызметіне кері әсерін тигізеді.

Бұған дейін жоғары санатты психиатр-нарколог Алексей Казанцев алкоголь өнімдері организмдегі су-электролиттік балансты бұзатынын, сондай-ақ ағзаға қажет калий, натрий, магний және кальцийді шайып жібереді. Салдарынан су мөлшері азайып, адам әлсіреп кететінін айтты.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...