«Зерен-2019» жастар жобасының бірінші маусым жеңімпаздары анықталды

13 Шілде 2019, 16:37
1785
Бөлісу:
«Зерен-2019» жастар жобасының бірінші маусым жеңімпаздары анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірінші маусымда финалға шыққан 12 қатысушының арасынан сарапшы қазылар алқасы 7 млн теңге жүлде қорын өзара бөліскен командалық үздік 5 жобаны таңдады. Ақшалай жүлдені жеңімпаздарға Қазақстан вице-премьері Гүлшара Әбдіқалықова табыстады.

Зереннің жас қатысушылары келесі төрт бағыттағы жобалар бойынша жұмыс істеді: азаматтық қоғамды дамыту, кәсіпкерлік дағдылары, жасыл экономика, креативті экономика және жаңа медиа.

Бірінш маусым жеңмпаздары: 

1-орын – «Red Orda» командасы, «Жоңышқа - табиғи тыңайтқыш» жобасымен. Жоба авторлары Қызылорда қаласының атынан шықты.

2-орын - «Эко энерджи» командасы, «Био отын» жобасымен. Идея авторлары Семей және Қызылорда қалаларынан.

2-орын – «Оңтүстіктікілер» командасы, «Qazaq oyi» жобасымен. Олар Қазақстандағы мәселелерді көтеріп, әртүрлі саланың қаһармандары туралы сюжеттер көрсетті. Жоба авторлары Қостанай және Петропавл қалаларынан қатысты. 

3-орын – «Қамқор» командасы, «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған шығармашылық орталығы» жобасымен. Идеяны әкелген Қостанай, Ақтау қалалары мен Моңғолия елінің өкілдері.

3-орын – «Эко жер» командасы, «вирмигумус» жобасымен. Идеяны ұсынған Павлодар, Семей, Жезқазған қалалары мен Қостанай облысының Федоров ауданынан келген жастар. 

Жүлдеге берілген 7 млн теңге жеңімпаздардың жобаларын жүзеге асыруға жұмсалады. Жалпы жүлде қоры 5 млн теңге болғанын, ал қосымша 2 млн теңгені бизнес-демеушілер бөлгенін атап айта кету керек.

Көптен күткен марапатты жеңімпаздарға Қазақстанның вице-премьері Гүлшара Әбдіқалықова салтанатты түрде табыстады. Еліміздің жоғары саяси тұлғасынан еңбегі сіңген сыйақыны алғандағы қуанышын жастар жасыра алмай, бөлісіп жатты. Марапаттау рәсімінен соң, қатысушылар вице-премьерге өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойып, соңынан онымен бірге естелікке суретке түсті. 

Без названия (1).jpg

Бұған дейін лагерьге 7 шілдеде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев келген болатын. Бейресми жағдайда ведомство басшысы жастармен сөйлесіп, лагерьде өткен күндерден олардың алған әсерін білді, жобаларды қорғауға дайындық барысымен және жоба тақырыптарымен танысты. Осы кездесу Зерен лагерінің барлық қатысушысына пайдалы болып, оларды ынталандырды.

«Зерен-2019» қатысушыларының алдында бірінші маусымның барлық күнінде ерекше тұлғалар, медиа қызметкерлер, әртүрлі саланың жарқын өкілдері сөз сөйлеп, өз тәжірибелерімен және табысқа жету жолымен бөлісті. Әсіресе, есте қалған Kusto Group-тың қосалқы иесі, әрі өкілі Еркін Тәтішевпен кездесу болды.

Лагерьдің бірінші маусымы өте белсенді болғанын айта кету керек. Маусымның барлық күні 18 сарапшы төрт трек бойынша «Технологиялық кәсіпкерлік. Стартапқа арналған фандрайзинг»; «Эмоциялық интеллекет және оны жетілдіру»; «Креативті экономика және жаңа медиа»; «БКҰ, бизнеспен және мемлекетпен әлеуметтік мәселелерді шешудегі серіктестік. Халықаралық және қазақстандық тәжірибе»; «Эко стартаптар және оларды іске асыру» және басқа да тақырыптар бойынша қатысушыларға бағыт сілтеп, кеңес берді.

Одан бөлек, әр таңда сағат 7 мен 8 аралығында зерен қатысушылары спортпен белсене айналысып, командалар арасында өткен спорт жарыстарына қатысты. Барлық қатысушыға қатты ұнаған сәт – ынталандырушы спикерлермен өткен FireTime (алау маңындағы кездесу) болғаны анық, спикерлер жастарды жаңа идеяларға шабыттандырып, тәлім берді.

«Зерен-2019» республикалық танымдық жастар жазғы лагері ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылып, Қазақстанда Жастар жылын өткізу бойынша Жол картасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқанын естеріңізге саламыз. Лагерьдің мақсаты – нақты іске асатын, орнықты, әлеуметтік бағыттағы бизнес жобаларды Қазақстанның барлық өңірінде ашу. «Зерен-2019» жастардың өзін өзі көрсетуіне көмектесіп, жастардың, соның ішінде ауыл жастарының экономикалық және әлеуметтік сатыларға қол жеткізуіне көмектесу үшін ашылған.

«Зерен-2019» лагеріне 18 - 29 жас аралығындағы, Қазақстанның кез келген азаматы мен ТМД-ның әр елінен 5 қатысушы қатыса алады. Лагерь уақыты үш ауысымға бөлінген. Әр ауысымда 200 қатысушыдан болады. Лагерьде тұру және білім алу шығынын ұйымдастырушылар көтереді. Бірінші ауысым 3 – 11 шілде аралығында өтті, екінші ауысым 13 – 21 шілдеде; үшінші ауысым 23 – 31 шілде аралығында өтеді деп болжануда.

Өзгелердің жаңалығы