Әзербайжанда қала тұрғындарына үйден шығуға тыйым салынды

6 Маусым 2020, 14:16
1754
Бөлісу:
Әзербайжанда қала тұрғындарына үйден шығуға тыйым салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әзербайжанда ірі қалалардың тұрғындарына демалыс күндері үйден шығуға тыйым салынды. Осындай шаралар коронавирусты жұқтырғандар санының өсуіне байланысты қабылданды.

Әзербайжанның Баку және басқа да бірнеше ірі қаласының тұрғындарына карантин режимін сақтап, демалысты үйлерінде толық оқшаулау жағдайында өткізуге міндеттеді. 

6 маусым түн жарымынан бастап 8 маусым күні таңғы 6-ға дейін Баку, Сумгаит, Гяндже, Ленкорани және Апшерон ауданында қатаң карантин режимі енгізіледі.

Бұл қалалардың тұрғындарына жақын арадағы екі күнде өз үйлерін тастап кетуге тыйым салынады. Тәртіп бұзушыларға 58-ден 117 долларға дейін айыппұл салынады.
Ерекше екі жағдайда ғана: шұғыл медициналық көмек қажет болған жағдайда немесе жақын туысының жерлеуіне қатысу үшін шыға алады.
Демалыс күндері барлық дүкен, дәріханалар мен қоғамдық тамақтану орындары жабылады, қоғамдық көлік жұмысын тоқтатады. Жеке көліктерді пайдалануға тыйым салынады. Жұмысты тек ауруханалар, құқық қорғау органдары, коммуналдық және авариялық қызметтер, т.б. жалғастыра алады, - делінген ақпаратта.
Қатаң карантин режиміне түскен қалалардың тұрғындары азық-түлік пен дәрі-дәрмектерді сақтап қалу үшін билік 5 маусым күні қысқа жұмыс күнін жариялады.
Әзербайжан билігі шектеу шараларын жеңілдетілгеннен коронавирустық инфекцияны жұқтырғандар саны өсе бастауына байланысты екі күндік қатаң карантин енгізуді шешті. Соңғы күндері тәулігіне 300-ге дейін жұқтыру жағдайы тіркелді. Қазіргі уақытта елде 6860 ауру анықталып, 82 адам қайтыс болған.


Өзгелердің жаңалығы