Бас жаңалықтар
Зеленский Грузияның тұтқындалған экс-президентін елге қайтармақшы
03 Қазан 2021, 16:49 1783

Зеленский Грузияның тұтқындалған экс-президентін елге қайтармақшы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украина президенті Владимир Зеленский Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвилиді Украинаға қайтару туралы мәселені шешуге ниетті. 

Саясаткердің Украина азаматтығы бар, деп мәлімдеді мемлекет басшысы Львов облысында Трускавец қаласында өткен баспасөз конференциясы барысында.

Бұл туралы «Интерфакс» хабарлады.

Мен Украина президенті ретінде қолда бар түрлі мүмкіндіктерді пайдалана отырып, Украина азаматтарын елге қайтарумен айналысамын, - деді Зеленский.

Президент атап өткендей, Саакашвили Украина азаматы болғандықтан, елге қайтару мәселесі оған да қатысты болады. Оның сөзінше, Грузия экс-президентін елге қайтару процесіне Сыртқы істер министрлігі мен елшіліктер атсалысады.

Аталған процесс «премьерлердің деңгейінде» шешілетіні де айтылды.

Еске салсақ, Грузияда жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлау алдында Тбилиси құқыққорғау органдары елдің экс-президенті Михаил Саакашвилиді тұтқындап, Рустави түрмесіне тоғытты. Саясаткер сегіз жылдан кейін алғаш рет «Ұлттық қозғалыстағы» партияластарына сайлауда қолдау білдіру үшін елге оралған болатын. Тұтқындалғаннан кейін Саакашвилидің аштық жариялағаны белгілі болды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...