Бас жаңалықтар
БҚО Зеленов ауданының атауы өзгерді
03 Қаңтар 2019, 10:46 466

БҚО Зеленов ауданының атауы өзгерді

БҚО, baq.kz. Батыс Қазақстан облысына қарасты Зеленов ауданының аты өзгерді. Бұл туралы облыс әкімі аппарат жетекшісінің орынбасары Жарқын Түсіпбек мәлімдеді.

"Елбасының Жарлығымен БҚО Зеленов ауданы Бәйтерек болып өзгерді. Тарихи сәтке куә болып жатырмыз. Облыс әкімі аудан белсенділерімен кездесіп, жаңа жылдағы жағымды жаңалықпен осылайша бөлісті" - деп жазды ол өзінің фейсбук парақшасында.

ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы қаулысына сәйкес, БҚО-дағы Зеленов ауданы бұдан былай Бәйтерек деп аталатын болды.
Осыған орай бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов ауданда болып, ардагерлер, жастар және зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, жұртшылықты қуанышты оқиғамен құттықтады.
Өңір басшысы Елбасы тапсырмаларына орай облыста көптеген жұмыстар жасалғанын атап өтті.
Соның ішінде ауданның үстімен өтетін Орал-Тасқала-РФ шекарасы жолы пайдалануға берілді. Жол салу, су, газ құбырын тарту жұмыстары биыл да жалғасады.
Загрузка...

Сізден жаңалық