Өзбекстанда жанармай мен жолақы қымбаттады

16 Тамыз 2019, 23:48
1977
Бөлісу:
Өзбекстанда жанармай мен жолақы қымбаттады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстанда бүгіннен бастап көгілдір отын мен жанар-жағармай және электр энергиясының бағасы қымбаттады, деп хабарлайды 24.kz.  

Бұған қоса, Ташкенттегі қоғамдық көліктер мен метрода жүру жол ақысына 200 сум қосылды. Ал жанар-жағармай құны 500 сумға артты. Ең көп сұранысқа ие. АИ-80 маркалы бензин 4500 сумнан сатылып жатыр. Дизель отыны 5400-ден басталады. Дегенмен, газ және жанар-жағармай құю бекеттерінде тапшылық байқалмайды. Үкімет бұған дейін сұраныстың артуына байланысты энергетикалық ресурстар мен бензин бағасының кезең-кезеңімен өзгертілетінін жариялаған. Өйткені халық саны мен өндіріс қатары көбейген сайын сұраныстың артатыны анық. Бағаның қымбаттауына түрлі факторлар себеп болып отыр. Дегенмен, "ең негізгісі коммуналдық қызмет түрлері мен энергетикалық саланы дамыту керек", дейді сарапшылар. 

"Соңғы 27 жылда Өзбекстанның энергетика саласы бірқатар қиындыққа тап болды. Осы салаларды дамытпаса, Өзбекстан шын мәнінде тұйыққа тірелетін еді. Бұл бағытта ел аумағында болашақта салынатын Атом электр станциясын атап өткен жөн. Өйткені осындай жолмен ғана бір жағынан тапшылықты қамтамасыз етіп екінші жағынан саланы үдемелі дамытуға болады", - деді сарапшы Валерий Бирюков. 

"Азын-аулақ зейнетақымыз дәрі-дәрмектен артылмайды. Мен 75-тен астым. Жас келген сайын аурухана жағалайсың. Бағаның өсуі қиын, әрине. Газ, су, қоқыс, электр дегеннің бағасы тым шарықтап кетті", - деді зейнеткер Мухаббат Мырзақоджаева.


 
Өзгелердің жаңалығы