Өзбекстанда талапкерлер емтиханды ашық стадионда тапсырады

9 Тамыз 2020, 15:15
1689
Бөлісу:
Өзбекстанда талапкерлер емтиханды ашық стадионда тапсырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстандық талапкерлер жоғары оқу орнына түсу үшін емтиханды ашық стадиондарда тапсырады. Бұл туралы "Хабар 24" мәлімдеді. 

Университеттердің ғимараттары эпидемиологиялық талаптарға сай болмағандықтан, биылғы тестілеу спорт алаңдарында өтпек. Сынақ қыркүйектің екісі басталып, екі апта жалғасады. Балалар емтиханды күннің салқын уақытында тапсырады деп жоспарланып отыр. Келер аптадан бастап жергілікті билік 40 стадионды тестілеуге дайындайды. Мұнда шатырлар орнатылып, дәрігерлер мен ата-аналарға барлық қажетті жағдай жасалады.

Сондай-ақ бейнебақылау камераларын да қою көзделген. Ал тестілеу процесі телеарналарда тікелей эфирде көрсетіледі. 
Егер тестілеу күні талапкердің дене қызуы жоғары болса, онда оны медициналық қарауға жібереміз. Оның қорытындысы бойынша COVID-19 анықталмаса, ол сынақты бөлек тапсырады. Ал коронавирус жұқтырған балалар емтиханға жіберілмейтінін айтып кету керек. Сонымен бірге бұл жұқпалы аурумен ауырғандар емтиханға сауыққанын растайтын анықтамамен келуі тиіс,-дейді Мемлекеттік тестілеу орталығы директорының орынбасары Сардор Раджабов.

Өзгелердің жаңалығы