Өзбекстанда коронавирусты жұқтырған 241 адам анықталды

4 Сәуір 2020, 20:25
1233
Бөлісу:
Өзбекстанда коронавирусты жұқтырған 241 адам анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Өзбекстанда бір тәулік ішінде вирусты жұқтырғандар саны 14 адамға өсті.

Бүгінгі таңда аталған елде 30 наурыздан 20 сәуірге дейін республиканың бүкіл әуежайларының жұмысы және барлық әуе қатынасы түгел тоқтатылды. COVID-19-дың таратылуына байланысты Өзбекстанда автокөлік қозғалысы арнайы рұқсат бойынша ғана жүзеге асырылады. Оған қоса, 1 сәуірден бастап Ташкентте және өңірлерде өзін-өзі оқшаулау режимі енгізілді, 65 жастан асқан азаматтарға үйден шығуға тыйым салынған.
Өзгелердің жаңалығы