Өзбекстан карантин мерзімін ұзартты

16 Мамыр 2020, 19:36
3446
Бөлісу:
Өзбекстан карантин мерзімін ұзартты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстан коронавирусқа байланысты енгізген карантин мерзімін тағы 15 күнге ұзартты. Дегенмен елде бірқатар шектеу шаралары алынған.

Үкіметтің арнайы комиссиясы 14 мамырда карантин мерзімі кемінде 1 маусымға дейін күшінде қалатынын мәлімдеді. Бірақ кейбір кәсіпорындарға жұмысын жалғастыруға рұқсат етілмек.

Орталық Азиядағы халқы ең көп мемлекетте ресми мәлімет бойынша, 2652 адамнан коронавирус табылған, 11 адам қайтыс болған.

Өзгелердің жаңалығы