Өзбекстанға тойға барған адамнан коронавирус анықталды

30 Наурыз 2020, 09:49
1161
Бөлісу:
Өзбекстанға тойға барған адамнан коронавирус анықталды

Алматы, BAQ.KZ.  29 наурыз сағат 23.30 уақытын бойынша Алматы облысында тағы екі жағдай анықталды. 2 жағдай облыстың екі ауданында тіркелген.

Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, бірінші жағдай – Қарасай ауданы Кемертоған ауылында 1979 жылғы әйелден табылған. Қазір ол Қарасай ауданындағы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Сегіз адаммен байланыста болған, олардың арасында науқастың жұбайы мен баласы бар. Олар карантинге оқшауландырылды.

Екінші жағдай Еңбекшіқазақ ауданында тіркелді. 1960 жылғы әйел туыстарымен бірге Өзбекстан Республикасы Төрткүл ауылынан тойдан келген. Барлық 14 адам 26 наурызда Есік қаласына үйлеріне оралған. 27 наурызда Түркістан облысынан түскен мәліметтерге сәйкес, олардың барлығы провизорлық стационарға оқшауланды. Карантин барысында бәрінен анализ алынды. Тексеру нәтижесінде аталған әйелден КВИ табылған.

Айта кеткен жөн, 2020 жылдың 29 наурызындағы жағдай бойынша Алматы облысында КВИ-ға шалдығудың 6 оқиғасы анықталды.
Өзгелердің жаңалығы