Бас жаңалықтар
Өзбекстанға 145 млн квт электр энергиясы экспортталды
17 Шілде 2019, 23:25 151

Өзбекстанға 145 млн квт электр энергиясы экспортталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстанға электр энергиясының экспорттық жеткізілімі басталды. 17 шілдегі жағдай бойынша Өзбекстанға 145 млн квт/сағ электр энергиясы сатылды.

ҚР Энергетика министрлігінен хабарлағандай, ағымдағы жылдың маусым айының соңында көп жылдардан кейін алғаш рет Қазақстан электр энергиясының Өзбекстанға экспорттық жеткізілімдері басталды. Мәселен, екі елдің уәкілетті ұйымдарының арасында жасалған шартқа сәйкес 2019 жылдың ішінде Өзбекстан энергия жүйесіне 1 млрд квт/сағ астам электр энергиясы экспортталатын болады.

Өзбекстанға электр энергияның экспортын жүзеге асыру үшін маңызды шарттардың бірі ең алдымен Қазақстанның ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстан тұтынушыларын сенімді және үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында аварияға қарсы автоматиканы баптау (жүктемені ажыратудың арнайы автоматикасы - ЖААА) және технологиялық бұзушылық болған жағдайда өзбек тұтынушыларына шектеулер енгізу бойынша кешенді іс-шаралар көзделген.

Айта кетейік, отандық электр энергиясының экспорттық жеткізілімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан электр станцияларын уақтылы жаңғырту, реканструкциялау және кеңейту бойынша жүргізілген саясатының нәтижесінде алынған электр қуатының қолданыстағы профицитінің арқасында мүмкін болды.

Екі ел арасындағы сауданы дамыту жөніндегі қадамдар тек электр энергетикасы саласындағы ғана емес, сонымен қатар болашақта басқа да экономика салаларында өзара тиімді ынтымақтастыққа ықпал ететін болады.



Сізден жаңалық