Зайсанда минералды су шығаратын зауыт құрылысы басталды

23 Маусым 2020, 00:45
2979
Бөлісу:
Зайсанда минералды су шығаратын зауыт құрылысы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Зайсан ауданы Дайыр ауылдық округінде "ARNNA MINERALS" ЖШС минералды ауызсу шығаратын зауыт құрылысын бастады. Бұл туралы Аltaynews.kz хабарлады.

Осыдан бірнеше жыл бұрын бұл жерде жұмыс істеген цехтің жұмысы тоқтап қалған. Дегенмен таза артезиан суының денсаулыққа пайдасын ескеріп, инвестор тартылып, зауыттың жұмысы қайта жанданып жатыр.

1980 жылдан бері бұл жерден млрды су шығады. Бірақ тұрғындар жабайы негізде алып жүрген. Сосын бертін шағын цех ашылып, жұмысын бастап, кейін тоқтап қалды. Енді мына зауыт құрылысы бітсе, онда 27 млн литр газдалған артезиан сусынын, 9 млн литр тәтті сусын әзірлейді, - дейді Зайсан аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Зумрад Дүйсенбаева.

Жобаға инвестор 1 млрд астам қаржы құйған. Жаңа зауыт іске қосылған соң минералды суды республикаға, экспортқа шығармақ ниетте. Құрылыс биыл жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. 



Өзгелердің жаңалығы