Бас жаңалықтар
Затобол кентінің атауы өзгеріп, қала мәртебесі берілді
02 Қаңтар 2020, 17:00 4957

Затобол кентінің атауы өзгеріп, қала мәртебесі берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Мемлекет басшысы Қостанай облысы Қостанай ауданының Затобол кентін аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызу және оны қайта атау туралы Қаулыға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының  9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
  1. Қостанай облысы Қостанай ауданының Затобол кенті аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызылсын.
  2. Затобол кенті Тобыл қаласы болып қайта аталсын.
  3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының 

              Президенті                                                                                      Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 2 қаңтар

№ 235

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...