Затаевичтің бұрын жарық көрмеген туындылары таныстырылады

18 Қараша 2019, 19:31
3254
Бөлісу:
Затаевичтің бұрын жарық көрмеген туындылары таныстырылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада белгілі этнограф, қазақстандық музыкатану және композиторлық мектептің негізін қалаушылардың бірі Александр Затаевичтің 150 жылдығын мерекелеу аясында оның бұрын жарық көрмеген туындылары таныстырылады.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырып отыр. Шара "А. В. Затаевич. Хаттар. Қолжазбалар. Фотосуреттер",  "А. В. Затаевич. Халық әндері мен күйлері" атты бұрын жарыққа шықпаған туындыларының презентациясын және мерекелік концерт ретінде өтеді.   

Қазақтың дәстүрлі музыка үлгілерін жинаушылар арасында әндер мен аспаптық пьесалар-күйлердің едәуір қомақты жинағы орыс-поляк композиторы, этнолог, музыкатанушы А.В. Затаевичтің еншісінде. Оның музыкалық этнография саласындағы еңбегі Қазақстанда музыка туралы ғылымның дамуы үшін берік тұғыр ретінде, көптеген одан кейінгі зерттеулер үшін әдістемелік негіз және зерттеушілік база ретінде қалыптасты. Композитор ретінде ол ұлттық композиторлық мектептің дамуына серпін беріп, еуропалық аспаптар үшін қазақ әуендерін нотаға жазу әдісін әзірледі, - дейді ұйымдастырушылар.      

2019 жылы А. В. Затаевичтің 150 жылдығын атап өтуге,  оның мұрасын танымал етуге, Қазақстан мен Ресей арасындағы шығармашылық байланыстарды нығайту мақсатында Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі бірқатар мерейтойлық іс-шаралар ұйымдастырып, өткізді.  
Өзгелердің жаңалығы