Shenzhen турнирі: Зарина Дияс ширек финалда жеңіліп қалды

9 Қаңтар 2020, 11:30
24676
Бөлісу:
Shenzhen турнирі: Зарина Дияс ширек финалда жеңіліп қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Shenzhen турнирінде жартылай финалға өтпей қалды.

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында қазақстандық теннисші испаниялық спортшы Гарбинье Мугурусамен ширек финалда ойнады.

Қазақстандық спортшы бірінші сетте 4:6 есебімен жеңіліп, екінші сетте 6:2 есебімен ұтқан болатын. Шешуші сетте 4:6 есебімен Мугуруса басым түсті.

Зарина Дияс қазір әлемдік рейтингте 75-орында, ал испаниялық теннисші Мугуруса 35-орында тұр.

Еске сала кетсек, 5 қаңтарда Зарина Дияс Гонконгта өткен ITF сериясындағы турнирдің финалында қытайлық теннисші Чжу Линді 6:4, 7:5 есебімен жеңді.

Бұған дейін Зарина Дияс ширек финалдың І сетінде жеңілген болатын. Ал теннисші аталған турнирдің ширек финалының ІІ сетінде жеңді.

Өзгелердің жаңалығы