Зарина Дияс Гонконгтағы турнирдің финалына шықты

4 Қаңтар 2020, 12:34
5515
Бөлісу:
Зарина Дияс Гонконгтағы турнирдің финалына шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Гонконгтағы ITF сериясындағы турнирдің финалына шықты. Бұл туралы Vesti.kz порталы жазады. Турнирдің жүлде қоры – 25 мың доллар. 

Зарина жартылай финалда америкалық теннисші Сачия Викеримен кездесіп, 6:3, 6:2 есебімен жеңді. 

Зарина Дияс қазір WTA рейтингінде әлемнің 77-ракеткасы, ал 24 жастағы Викери 157-орында тұр. 

Екі теннисші осымен үшінші рет ойнап, кездесулердің қорытындысы бойынша 2:1 есебімен Зарина Дияс алда келеді. 

Екінші жартылай финалда турнирдің бірінші ракеткасы қытайлық Чжу Линь (72-ракетка) және франциялық Хармони Тан (251-ракетка) ойнап жатыр. Жеңген спортшы финалда Заринамен ойнайды.

Айта кетсек, бұған дейін Дияс ширек финалда грузиялық Екатерина Горгодзені жеңген болатын.
Өзгелердің жаңалығы