Зарина Дияс Чарльстон турнирін жеңіспен бастады

7 Сәуір 2021, 05:39
1520
Бөлісу:
Зарина Дияс Чарльстон турнирін жеңіспен бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық Зарина Дияс Чарльстон (АҚШ) WTA 500 турнирінің екінші айналымына шықты.  Әлемнің 88-ракеткасы З.Дияс алғашқы айналымда іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірі, дүниежүзілік рейтингіде 151-орында тұрған ресейлік Наталья Вихлянцевамен кездесті, деп хабарлайды  ҚТФ баспасөз қызметінен.

Бірінші партия барысында Зарина өз шеберлігінің басым екендігін таныта білді – 6:3. Қазақстандық теннисші екінші сетті брейкпен бастады – 2:0. Тағы бір брейк – 4:0. Ақыры үшінші матчболын сәтті пайдалана алды – 6:1. Бәсеке 1 сағат 14 минутқа созылды.

З.Дияс екінші айналымда отандасы, әлемнің 31-інші, осы доданың 11-ракеткасы Юлия Путинцева немесе рейтингіде 104-сатыдағы германиялық Андреа Петковичтің біреуімен шеберлік байқасады.

Өзгелердің жаңалығы