Зарема Шәукенова: Ол – әлемдік деңгейдегі саясаткер

19 Наурыз 2020, 13:44
2612
Бөлісу:
Зарема Шәукенова: Ол – әлемдік деңгейдегі саясаткер
EX

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елбасы ретінде Н.Ә.Назарбаев мемлекеттің халықаралық беделін нығайту бойынша жұмысты жалғастыруда. ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Зарема Шәукенова осылай дейді. 

Бұл ретте оның саяси салмағы, тәжірибесі мен пайымдауы әлемде сұранысқа ие. Нұрсұлтан Назарбаев - Азия өңіріндегі ең тәжірибелі саясаткер, сондықтан да оның мәртебесі өзгергеннен кейін де өзінің саяси салмағын сақтап қалғандығы таңқаларлық емес. Оған Елбасының өткен жылғы елеулі сыртқы саяси белсенділігі дәлел бола алады. Әлем елдерінің бірінші басшыларының шақыруы бойынша Тұңғыш Президент маңызды халықаралық іс- шараларға, оның ішінде жоғары деңгейдегі саммиттерге қатысты – дейді Зарема Шәукенова. 

Оның ойынша президент өкілетігінен кеткеннен кейін Н.Ә.Назарбаев елдің сыртқы саяси бағытын жүзеге асыруға қатысуды, өңірлік және халықаралық саясатқа ықпал етуді жалғастырып келеді. 

Елбасы ретінде жоғары моральдық бедел мен мәртебеге ие бола отырып, Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш президенті шетелдік сапарлар барысында көптеген әлемдік көшбасшылар және көрнекті жаһандық қайраткерлермен кездесіп, Нұр-Сұлтанда әлемнің жетекші саясаткерлерін қабылдады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы Өзбекстан, Ресей және Қытай секілді елдерге жасаған алғашқы іс-сапарларының күн тәртібін дайындау Елбасының белсенді қатысуымен өтті. 2019 жылы Қазақстанның Тұңғыш президентіне еліміз үшін аса маңызды үш құрылымда лауазымдар ұсынылғаны ерекше назар аударуға тұрарлық оқиға болды. Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің, түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің және Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесулерінің құрметті төрағасы болып тағайындалды – дейді ҚСЗИ директоры. 

Ол "Қазақстан мен оның Тұңғыш президентінің осы үш бағыт бойынша үдерістердегі стратегиялық басымдықтары мен рөлдердің маңыздылығы тұрғысынан алғанда өте қажетті тізім" екенін айтады. 

Бір қызығы, бұл бастамалар Елбасының бұрынғы әріптестері – осы бірлестіктер мен диалогтарға кірген мемлекет басшыларынан шыққан. Осы шешімдер туралы жариялай отырып, ел көшбасшылары бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың тәжірибесі мен тиісті үдерістерге қосқан үлесіне деген құрметтен ғана емес, практикалық тұрғыдан да жасалатынын атап өтті. Мысалы РФ Президенті Владимир Путин айтқандай Елбасының ЖЕЭО құрметті төрағасы атағын беру туралы жариялай отырып (2019 жылғы мамыр айындағы Нұр-Сұлтандағы саммитте – ред.), бұл шешім Нұрсұлтан Әбішұлы Еуразиялық интеграция идеясының авторы болғандықтан ғана емес, оны іске асыруға үлкен үлес қосқаны үшін де қабылданды. Сонымен қатар ол әлі де одақты қалыптастыру мен нығайту үшін көп нәрсе істей алатындығымен байланысты - дейді саясаткер. 

Зарема Шәукенова осыған ұқсас көзқарасты ТМЫК-ға мүше мемлекеттердің басшылары мен Орталық Азия елдерінің көшбасшылары да ұстанғанын айтады. 

Азия әлемінің ақсақалы ретінде Нұрсұлтан Назарбаев кез келген құрметке лайық қана емес, оның тәжірибесі өзі бастамашы болған ынтымақтастық пен шоғырландыру процестерін одан әрі дамыту үшін аса құнды болып қала береді. Қазақстан – аумағы жағынан үлкен, бірақ халық саны жағынан шағын ел, соған қарамастан соңғы 30 жылда біз сыртқы саяси аренада өте белсенді рөл атқардық. Бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың даму стратегиясының бір бөлігі болды – деді ол. 

Көп жылдар бойы Елбасы негізгі халықаралық оқиғаларды жіті қадағалап отырды, оның сындарлы бағыттың арқасында біз әлемдік саясаттың түрлі мәселелерін шешуде өзімізді бейбіт делдал ретінде таныта білдік. Осының барлығы елімізге жақсы дивидендтер әкелді, Қазақстанның бірде-бір әлем елімен шешілмеген мәселелері жоқ. Осы жағдайлардың барлығын, сонымен қатар бүгінгі күні маңызды болып қалатын Елбасы рөліне қатысты екендігін ескеру қажет. 

Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың еңбегі және оның әлеуметтік күйзелістерсіз, қан мен жанжалсыз өз халқы үшін тарих ағымында өз жолын тауып, туған елін әлемдік аренада дербес және көрнекті ойыншы ретінде қалыптастырғаны белгілі. Саясат - бұл мүмкіндіктің өнері, ымырашылық өнері екендігі бұрыннан айтылып, дәлелденіп келеді. Уақыт көрсетіп отырғандай, бұл өнерді Нұрсұлтан Назарбаев шебер меңгерген. Ұзақ жылдар бойы билік басында болған кезде ол Қазақстан үшін мүмкін болатын барлық шекараларды едәуір кеңейтті. Елбасы әлемдік деңгейдегі саясаткер бола отырып, бүгінде әлемдік көшбасшылар тыңдайтын басым дауысқа ие – дейді Зарема Шәукенова. 

Қазақстанда билік транзиті кезінде мемлекеттің стратегиялық даму бағытының сабақтастығы сақталды. 

Оның ішінде бұл сыртқы саясатқа да қатысы бар. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент өкілеттігіне енгеннен кейін бірден мәлімдеді және бір жыл ішінде іс жүзінде дәлелдеді. Егер Президент ұстанатын сыртқы саяси бағытқа қарайтын болсақ, онда Қазақстан қазірдің өзінде қалыптасқан сара жолмен жүріп келеді және Қ.К. Тоқаевтың сыртқы бағыттағы нақты қадамдары елдің негізгі басымдықтарына сәйкес, теңдестірілген көпвекторлы саясатты жалғастыруда, дәстүрлі негізгі серіктестерге бағдар ұстайды, бұны бүгінгі таңда сарапшылар да атап өтуде. Бір айта ктерлігі, жақында ғана Мемлекет басшысы Қазақстанның сыртқы саясатының жаңа Тұжырымдамасына қол қойды және ол әлемдік қарым-қатынаста біздің еліміз дәйектілік, болжамдылық, көпвекторлық қағидаттарды ұстанатындығының тағы бір айқын дәлелі - дейді ол. 

Оның ойынша, бұл құжатта Қазақстанның сыртқы саясатын жүзеге асырудың негізгі принциптерінің бірі ретінде "Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел дамуының жаңа кезеңіндегі сыртқы саяси бағытының сабақтастығы" бөлімі жеке тармақ болып кірген. 

Бұл еліміздің сыртқы саясатын құру, қалыптастыру және дамытудағы Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың айрықша рөлі және оған қосқан үлесінің айқын дәлелі - дейді Зарема Шәукенова.

Өзгелердің жаңалығы