Дәрігерлер Шамалғанда зардап шеккендердің жағдайын айтты

16 Қыркүйек 2019, 11:06
2169
Бөлісу:
Дәрігерлер Шамалғанда зардап шеккендердің жағдайын айтты

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы пойызбен автобус соқтығысқанда зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты.

Қарасай ауданы Шамалған станциясында болған апаттан автобус жүргізушісі қаза тауып, 3 жолаушы жарақат алған. Қайтыс болған жігіт 1979 жылғы. 2014 және 2016 жылғы балалар мен 33 жастағы әйел ауыр халде Қарасай аудандық емханасына жеткізілген. Қазір олар реанимация бөлімшесінде.

«Зардап шеккендердің бәріне жабық ми жарақаты диагнозы қойылған. Миы соғылған, субарахноидальді қан құйылған, жабық кеуде жарақатын алған. 15 қыркүйек күні кешкі сағат 19:26 кезінде жедел жәрдем станциясына 67 адамдық автобуспен жолаушылар пойызы соғылғаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына 9 жедел жәрдем көлігі 15 минутта жетті», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысындағы Шамалған станциясында жолаушылар пойызы мен автобус соқтығысып қалғанын жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы