Бас жаңалықтар
Шамалғандағы апат: зардап шеккен әйел ҚТЖ қызметкері болып шықты
16 Қыркүйек 2019, 19:10 1787

Шамалғандағы апат: зардап шеккен әйел ҚТЖ қызметкері болып шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысындағы жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен әйел «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 33 жастағы қызметкері мен оның екі қызы екені белгілі болды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық компания өзінің қоластындағы қызметкеріне қажетті көмек көрсетіп, оның еміне және емінен кейін қалпына келуіне қаржылай көмек көрсететінін мәлімдеді.

«Жол апатында зардап шеккен әйел Алматы эксплуатациялық локомотивтік депосының бухгалтері болып жұмыс істейді. Оның теміржол саласында жұмыс істегеніне 14 жыл болды. Ол қыздарымен туыстарына демалыс күні қыдырып барған. Үйіне қайтып бара жатқан кезде осындай жағдайға тап болған. Пойыз бен автобус соқтығысқанға дейін жолаушылардың бәрі артқы есік арқылы шығып кеткен. Эльмира қыздары ұйықтап жатқандықтан автобустан шығып үлгермеген», - делінген ҚТЖ хабарламасында.

Қазір зардап шеккендер Қаскелеңдегі Қарасай ауданының орталық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Кішкентай қыздардың миы шайқалған. Эльмираның да миы шайқалған, травматикалық шок алған, оң қолы, қабырғалары сынған.

Ұлттық компанияның арнайы комиссиясы оқиға орнына барып, ҚТЖ-ның басшылары ауруханадағы зардап шеккендердің жағдайын біліп қайтты.

Естеріңізге сала кетейік, 15 қыркүйек күні сағат 19:08-де Алматы-Шамалған өткелінде «SETRA» маркалы жолаушылар автобусы мен № 456 «Шамалған-Алматы» бағыты бойынша келе жатқан жолаушылар пойызының соқтығысты. Реттелетін теміржол өткелінде №43 автобус «Алматы-Қостанай» пойызымен соқтығысып қалды. ЖКО салдарынан автобус жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды


Фото: дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық