Бас жаңалықтар
Заңсыздыққа жол берген бөлім басшысы айыппұл төлейді
21 Қыркүйек 2021, 05:44 227

Заңсыздыққа жол берген бөлім басшысы айыппұл төлейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тиесілі баспана басқа біреулерге берілген. Мұны қалалық тұр­ғын үй коммуналдық шаруа­шылығы бөлімінде аудит жүргізген тексеру комиссиясы анықтаған, деп жазды aikyn.kz.

Жалпы сомасы 3 миллиард теңге қаржылық заң бұзу дерегі әшкереленді. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы пәтерлерді негізсіз берудің 9 фактісі анықталып, тұрғын үй заңнамасының жүйелі түрде бұзылғаны да мәлім болды. Екі пәтерді аталған бөлімнің қызметкерлері жалдап тұрған екен. Енді заңсыздыққа жол берген бөлім басшысына айыппұл салынды.

Жүргізілген мемлекеттік аудит бойынша материалдар Петропавл қаласының әкімдігіне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және прокуратураға жіберілді. Жалға берілген 4 пәтер бухгалтерлік есепте тұрмаған. Ал жалпы аумағы 170 шаршы метр болатын баспана тіпті жекенің қолына өткен, – деді аудит комиссиясының мүшесі Марат Ебжанов.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...