Бас жаңалықтар
Заңгер Жер кодексіне радиусты енгізуді ұсынды
03 Сәуiр 2021, 12:28 1872

Заңгер Жер кодексіне радиусты енгізуді ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жер реформасы жөніндегі комиссияның екінші отырысында «Bazarbek & Partners» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, заңгер, жер құқығының сарапшысы Бақытжан Базарбек ауылдық елді мекеннің маңында арнайы радиусты құру керек екенін айтты.

Оның сөзінше, ауылдық елді мекеннің маңында арнайы радиусты құру керек. Өкінішке қарай, Жер кодексінде де, заңға тәуелді актілерде де радиус жоқ. Екі ортада ауылдың маңындағы жерлер шаруа-ферма қожалығына беріліп тастаған.

Сондықтан Жер комиссиясы аясында Жер кодексінің 109 және 110-бабына өзгерістер енгізіп, тиісті радиусты көрсетуіміз керек. Радиустың аясында жерлер ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер жалпы қоғамдық-жайылымдық жерлерге айналуы тиіс. Ол арқылы жергілікті атқару органдары бір және екі шақырымдық радиустың көлемінде жайылымдық жерлерді «Жайылымдар туралы» заңға сәйкес әзірлейді. Сол себепті Жер кодексінің 49-2 бабына сәйкес резервтеу деген бар. Өкінішке қарай, ол бап жұмыс жасамайды, - деп айтты Бақытжан Базарбек.

Ол Жер комиссиясы аясында 109-110-баптарға тиісті радиусты енгізуді ұсынды. Ол радиус тиісті жергілікті атқару органының негізгі міндетіне айналуы керек.

Егер жерді мемлекет қажеттіліктері үшін алу керек болса және халыққа тиісті жайылым жерлер жетпей тұрса, онда 1-2 шақырым радиустың көлеміндегі ауыл шаруашылық жерлерді мемлекеттік қажеттіліктер үшін алып, оны қоғамдық жайылымдарға айналдыру керек. Ол Жер кодексінің аталған баптарында айқын көрініс табуы керек, - деп түсіндірді сарапшы отырыста.

Еске сала кетейік, бүгін Жер реформасы жөніндегі комиссияның екінші отырысы өтіп жатыр.


Фото: дереккөз
Загрузка...