Заң жобасы мемлекеттік қызметтердің шашыраңқы проблемаларын шешеді – Атамқұлов

6 Қазан 2021, 10:43
930
Бөлісу:
Заң жобасы мемлекеттік қызметтердің шашыраңқы проблемаларын шешеді – Атамқұлов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы бойынша баяндама жасады.

Жаһандық трендтерді ескере отырып, заңнамада алғаш рет өндірістік цифрлық трансформациялау бойынша реттеу енгізіледі. Уәкілетті органға цифрлық трансформация саясатын іске асыруды үйлестіру құзыреті беріледі. Өндірістік цифрлық трансформациялау үшін қолданыстағы мемлекеттік ынталандыру шаралары цифрлану мақсатына қайта бағдарланған, - деді ол.

Министр атап өткендей, өндіріс үшін кадр даярлау проесіне ерекше көңіл бөлінеді.

Осы бағытта өнеркәсіпті дамыту саласындағы уәкілетті орган Үкімет пен бизнес арасында үйлестіруші буын ретінде әрекет етеді. Мемлекет бөлім беру тапсырыстары бизнестің тікелей сұраулары негізінде қалыптастырады. Заң жобасы мемлекеттік қызметтердің шашыраңқы проблемаларын шешеді. Үкіметтің есептілігін арттырады. Бизнестің проблемаларын шешеді, - деді Атамқұлов.

Өзгелердің жаңалығы