Заманауи үлгідегі сүт зауыты қалай жұмыс істейді?

26 Қараша 2021, 21:00
1036
Бөлісу:
Заманауи үлгідегі сүт зауыты қалай жұмыс істейді?
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Ақмола облысында өткен пресс-тур кезінде БАҚ өкілдері заманауи сүт-тауар фермасының жұмысымен танысты.

Бурабай ауданы, Атамекен ауылында орналасқан «Абдрахманов Б.Д.» АЖ басшысы Болат Әбдірахмановтың өз кәсібін 10-15 ірі қарадан бастап, кейіннен санын арттырып отырған. Қазір кәсіпорында 480 бас ірі қара, 109 бас жылқы бар.

Заманауи үлгідегі сүт зауыты қалай жұмыс істейді?

Ферма 2016 жылы салынды. Бүгінде мұнда 500-ден астам ірі қара мал, симментал және монбельярд тұқымдары бар. Сауынды сиыр саны - 210 бас. Шаруашылықта тәулігіне орташа есеппен - 28 литр сүт сауылады, - деді ол.
Фермеда сырттан әкелінген симменталь және монбельярд ірі қаралары бар.

Заманауи үлгідегі сүт зауыты қалай жұмыс істейді?
Әуелдегі менің мақсатым 200 басқа жеткізу болатын, қазір уақыт өте арттырып отыру керектігін түсіндім. «Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша «Агрокредиттік корпорация» арқылы 88 млн теңге несие алып, оған Чехиядан 96 бас ірі қара мал сатып алдым, оның ішінде 60 бас монбельярд тұқымды және 36 бас симментал тұқымы бар, - дейді жеке кәсіпкер.

Сонымен қатар Әбдірахманов «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Қаржылық қолдау қоры» арқылы Чехия мен Словакиядан 109 бас ірі қара мал сатып алынғанын атап өтті.

Заманауи үлгідегі сүт зауыты қалай жұмыс істейді?

Серіктестік сүт өнімдерін жергілікті нарыққа және көршілес облыстарға жеткізеді.

Қазір компанияда 20-дан астам қызметкер жұмыс істейді.

Кәсіпкер БАҚ өкілдеріне толық автоматтандырылған сауын орнымен таныстырды. Онда бір мезгілде 20 сиыр сауылады.

Заманауи үлгідегі сүт зауыты қалай жұмыс істейді?

Бізде Германияда жасалған Buschhoff компаниясының аппараты бар. Оның артықшылығы – технология толығымен автоматтандырылған. Жүгері, арпа, сұлы бункерге құйылады, оның ішіне түрлі жем-шөп тұқымдары араластырылады. Құрылғы бәрін мал азығына айналдырып шығарады, - дейді Болат Әбдірахманов.

Заманауи үлгідегі сүт зауыты қалай жұмыс істейді?

Ақмола әкімінің айтуынша, компанияға үлкен қолдау көрсетілуде.

Заманауи үлгідегі сүт зауыты қалай жұмыс істейді?

Бүгінде мемлекет Ақмола облысына субсидия ретінде бөлген 70 миллиардтың 40 миллиарды қайтарылмайтын қаражат. Мұның бәрі бағаның төмендетуге көмектеседі. Біз фермерлермен тікелей жұмыс істейміз. Біздің өнімдерді жеткізетін нарықтарда өз нүктелеріміз бар, - деді Ермек Маржықпаев.

Өзгелердің жаңалығы