Астанада заманауи жаңа кітапхана ашылады

26 Сәуір 2019, 13:53
2192
Бөлісу:
Астанада заманауи жаңа кітапхана ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық жас оқырмандарға арналған жаңа заманауи кітапхана ашылады. Astana International Rotary Club коммерциялық емес ұйымы және Nur Otan партиясы жанындағы Jas Otan жастар қанаты Орталық балалар мен жасөспірімдер кітапханасын қайта жаңғыртады, деп хабарлады жастар қанатының баспасөз қызметі.

Бастамаға Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының әкімдігі қолдау көрсетті.

Бұл туралы 26 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімдігі, Astana International Rotary Club және Jas Otan арасында үш жақты меморандумға қол қою барысында мәлім болды.

Жөндеу жұмыстары ағымдағы жылы жазда басталады. Жаңартылған кітапхана жас оқырмандарға биылғы оқу жылында өз есігін ашатын болады.

Жастар қанаты кітапханаларды жаңғыртуды 2018 жылы «Bilim ortalygy» жобасы аясында бастаған болатын. Өткен жылы ел бойынша 150-ден астам кітапхана жаңғыртылды.

Мұндай бастаманың негізгі мақсаты – кітапханаларды балалар мен жастар үшін тартымды, әрі қызықты ету, кітап оқуға байлу.

 

 



Өзгелердің жаңалығы