Заңгерлер алименттен жалтарғандарға жазаны қатаңдатуды ұсынады

18 Қаңтар 2020, 02:41
2009
Бөлісу:
Заңгерлер алименттен жалтарғандарға жазаны қатаңдатуды ұсынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда алимент төлеуден жалтарып жүрген 10 мыңнан астам борышкер бар. Соның ішінде 120 адамның қарызы миллиардтаған теңгеден асады, деп хабарлайды 24.kz.

Соңғы 5 жылда елімізде алимент төлемінен жалтарған 500-ге жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Өзінің ұрпағының болашағына алаңдамаған, жауапкершілігі жоқ әкелерден алимент өндіру үшін заң талаптарын күшейту керек, – дейді заңгерлер.

Мейірімсіз күйеу отбасыға сүйеу бола алмайды. Сондықтан әйелінен ажырасып, артынан алимент төлемей жүрген еркектерге қатысты заң талаптарын күшейту керек. Заң осал болған соң олар да әкімшілік жауапкершіліктен қорықпайды. Жаза қатаң болса, олар төлемнен жалтармайтын болады, – дейді заңгер Полина Габдрахманова.

Заңгер борышкерлер өздерінің тұрғылықты мекенжайлары туралы мәліметті жиі ауыстыратындығын айтады. Бұл жағдай оларды қадағалауды қиындатады.

Өзгелердің жаңалығы