Өз отбасыңның тарихы арқылы Ұлы Отан соғысының орны туралы айтып бер!

5 Мамыр 2019, 22:10
4257
Бөлісу:
Өз отбасыңның тарихы арқылы Ұлы Отан соғысының орны туралы айтып бер!

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Посткеңестік кеңістіктегі қоғамдық-саяси процестерді зерттеу жөніндегі ақпараттық-сараптамалық орталық 18-35 жас аралығындағы қазақстандық журналистер мен блогерлер арасында "Ұлы Жеңіс - халықтар ерлігі" атты байқау жарияланғанын хабарлады. 

Байқау жеңімпазы Ұлы Отан соғысының басталғанына 78 жыл толуына орайластырылған баспасөз-туры аясында 2019 жылдың 18 маусымы мен 23 маусымы аралығында Беларусь Республикасына бара алады.

Баспасөз-турына қатысушылар Брест қамалын (Брест қаласы), Ұлы Отан соғысының тарихи музейін (Минск қаласы) қосқанда, Беларусь Республикасында орналасқан, біздің халықтардың ортақ естелігіндегі маңызды орындарды аралап, қазақ диаспорасының өкілдерімен кездеседі жəне сапардың жан - жақты, қызықты бағдарламасына куə болады. 

Бұл баспасөз туры "Қазақстан орысша" атты халықаралық жоба аясындағы іс-шаралардың бірі. Жобаның мақсаты - қазақ жастарын Қазақстан тарихы үшін маңызды орындармен, соның ішінде, қазақ тілі мен мəдениетін зерттеу орталығымен таныстыру, бүкіл еуразиялық кеңістікті тұратын қазақ диаспораларының өкілдерімен кездестіру. 
Байқауға қатысу үшін төмендегі шарттарды орындау керек:

1.Өз отбасыңның тарихындағы соғыстың рөлі туралы қысқа бейнеролик (ұзындығы 3-5 минут) түсіріп, оны əлеуметтік желілерге  (Вконтакте, Фейсбук, "Одноклассники") жариялау керек. Сіз соғысқа қатысқан жақыныңыз туралы немесе тыл еңбеккері болған туысыңыз туралы əңгіме қозғай аласыз. Бейнероликті орыс тілінде де, қазақ тілінде де түсіруге болады. Əлеуметтік желідегі бейнероликке қоса "Мен неге Брест қамалын көргім келеді?" тақыбында орыс тілінде жазылған қысқа мəтінді ынталандыру хатын қоса жариялап, бейнероликтің өзін #ВеликаяПобедаПодвигНародов и #Казахстан орысша хештегтерімен жариялау керек. 

2. https://u.to/HXQ4FQ сілтемедегі анкетаны толтырып, жарияланған роликтің сілтемесін тіркеу керек. Өтініштер 2019 жылдың 1 мамыры мен 2 маусымы аралығында қабылданады. Баспасөз турының шығындарын ұйымдастырушылар көтереді.
Байланысқа жауапты тұлға - Лилия Ильясова (info@ia--centr.ru; https://www.facebook.com/lilia.ilyasova.9)


Өзгелердің жаңалығы