Қызылордалық науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық

7 Сәуір 2020, 04:28
1237
Бөлісу:
Қызылордалық науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 8 жағдай туралы ақпарат мәлім болды. 

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының хабарлауынша барлығы Шиелі ауданынан.

Олар бұған дейін вирус жұқтырған адаммен тығыз қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылған.

Зертханалық сынамалар алынып, диагноз нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.

Қазіргі таңда науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

06.04.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 45 адам анықталды.

Қызылорда қаласында – 6 жағдай, Жаңақорған ауданында – 16, Қармақшыда – 4, Шиеліде – 19 жағдай.

Сонымен қатар, 06.04.2020 жылғы мәлімет бойынша қолайсыз елдерден барлығы 124 адам мониторингтік бақылауда. Оның ішінде 1 "а" санатындағы елдерден келгендер саны – 4, 1"б" санатындағы елдерден келгендер саны 120 адам.

Өзгелердің жаңалығы