Қызылордада жазғы онлайн-мектеп ашылды

30 Мамыр 2020, 07:02
1915
Бөлісу:
Қызылордада жазғы онлайн-мектеп ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары үшін қашықтан оқытатын жазғы мектеп өз жұмысын бастады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.

Жоба бойынша мамыр айының соңына дейін 7, 8, 9-сынып оқушылары ағылшын тілі, математика, физика, информатика, химия және биология пәндері бойынша олимпиадаға онлайн түрде дайындық жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар, орта мектеп оқушылары "Жер туралы ғылым", "Өсімдік шаруашылығы", "Бизнес инкубатор" және "Экономика" танымдық курстарында білімдерін толықтырадын болады.

Ал жоғары сынып оқушылары үшін жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша және халықаралық IELTS, SAT / NUFYP емтихандарына  екі апталық дайындық курстары ашылды. Алдағы уақытта 10-11-сынып білім алушылары "Web-дизайн" сабақтарына да қатысып, веб-сайт әзірлеуді және графикалық өңдеуді үйренетін болады.

Сондай-ақ 10-сынып оқушылары кәсіби бағыт бағдар курстарына жазылып, мамандық таңдау және университетке түсу жолдары бағытында топтық және жеке консультациялар алуға мүмкіндіктері бар.

Жазғы мектеп жобасы бойынша 11-сынып оқушыларына арналған қосымша жазғы тілдік курстары да ашылып, шәкірттер мектептің шетелдік мұғалімдерінен ағылшын тілінен дәріс алатын болады.

Жазғы мектеп бағдарламасы оқу жоспары негізінде және студенттердің ұсыныстары бойынша дайындалады. Әр оқушы қалауы бойынша екі немесе үш бағыттағы курстарға жазылуға мүмкіндіктері бар, – деп түсіндірді Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының орынбасары Ляззат Абдраимова.

 



Өзгелердің жаңалығы