Бас жаңалықтар
Қызылордадағы дәріханаларға мониторинг жүргізілді
13 Шілде 2020, 19:51 179

Қызылордадағы дәріханаларға мониторинг жүргізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаланың 24 дәріханасында мониторинг жүргізілді.

Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті №6,№4,№1 қалалық емханаларда, "СҚ-Фармация" жауапкершілігі шектеулі серіктестік қоймасында, қаланың 24 дәріханасында мониторинг жүргізді.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаменті және фармацевтикалық бақылау бөлімінің бастығы Нұрбек Әділханов мәлімдеді.

Мониторингтің 4 күнінің қорытындысы бойынша №6,№4,№1 қалалық емханалар жоғарыда көрсетілген нозология бойынша МӘМС жүйесінде амбулаториялық деңгейде тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттармен қамтамасыз етілгендігі анықталды. Қазіргі таңда 24 дәріхананың бірнеше дәріханасында кейбір дәрілік заттар жоқ, дегенмен дәрілік заттар күн сайын жеткізілуде, - делінген хабарламада.

Мониторинг топ жұмысы 31.07.2020 жылға дейін жалғасады.


Фото: дереккөз
Загрузка...