Қызылордада түрмедегі танысына есірткі өткізбекші болған азамат ұсталды

27 Шілде 2020, 10:52
1794
Бөлісу:
Қызылордада түрмедегі танысына есірткі өткізбекші болған  азамат ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүкіл әлем халқы, жаһандық індет коронавируспен күресіп жатса, сотталғандардың жақындары түрмеге тыйым салған заттарды әкелуін тоқтатар емес.

Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесінің аумағында жүрген азамат мекеме қызметкерлерінің күдігін туғызды. Мекеме қызметкерлері күдік тудырған азаматқа байланысты, дереу 102 нөміріне хабарлап, Қызылорда ҚПБ-ның жедел-тергеу тобы шақырылып, аталған азамат ұсталды.

Ұсталған азаматты тінту барысында оң жақ қалтасынан қағаз қорапқа салынған, "жасыл түсті өткір иісті" заты тәркіленді. Күдік тудырған Н есімді азамат, тыйым салынған затты, осы мекемеде жазасын өтеп жатқан танысы Е есімді сотталғанға өткізбекші болған, - делінген хабарламада.
Сот-химиялық сараптамасының қорытындысы нәтижесінде тәркіленген зат  20,67 грамм "кептірілген марихуана" екені дәлелденіп, аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Өзгелердің жаңалығы